Самал Еслямова "азиялық" Оскарды" алды

Камила Долаева Журналист
© instagram

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Сергей Дворцевойдың "Айка" кинокартинасындағы рөлі үшін Гонконгтағы Азия киноакадемиясының (Asian Film Awards Academy) сыйлығын алды. Ол Азияның үздік актрисасы атанды. Бұл туралы 17 наурызда кешке мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Достар, Asian Film Awards Academy "азиялық "Оскар" деп аталады! Киноакадемия номинанттарын 11 қаңтарда белгілеген. Міне, жеңіс! Бұл үлкен жетістік! Шығармашылық топты шын жүректен құттықтаймын! Өте қуаныштымын!"- деп жазды министр.

© facebook

Реклама
Реклама

"Айка" фильмі қырғызстандық қыздың өмірін суреттейді, ол Мәскеуде астыртын жұмыс істеп, өмір сүреді. Күтпеген жерден жүкті болып қалған ол баласын перзентханада тастап кетеді. Уақыт өте келе оның аналық сезімі оянып, Айка тастап кеткен ұлын іздей бастайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама