ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сәуір 2021 | 10:57
Самал Еслямова "Ника" кинофестивалінде тағы бір жүлде алды
Канн кинофестивалінің үздік актрисасы қазақстандық Самал Еслямова "Ника" кинофестивалінде үздік әйел ролі үшін марапатқа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Канн кинофестивалінің үздік актрисасы қазақстандық Самал Еслямова "Ника" кинофестивалінде үздік әйел ролі үшін марапатқа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Самал Еслямова ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильміндегі басты ролі үшін жүлде иеленді.
"Мен Мәскеуге бара алмадым. Мен үшін жүлдені фильмнің екінші режиссері, актер Вячеслав Агашкин алды. "Айка" фильміндегі барлық әріптесіме тағы да рақмет айтамын", - деді актриса.
"Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңын суреттейді.
Одан бөлек "Үздік актриса" номинациясын қазақстандық Юлия Высоцкая ("Дорогие товарищи!"), Чулпан Хаматова ("Доктор Лиза") және Виктория Мирошниченко да ("Дылда") алған.
"ТМД және Балтық елдерінің үздік фильмі" номинациясына Ернат Нұрғалиевтің "Жаным, ты не поверишь" және Әділхан Ержановтың "Желтая кошка" атты екі қазақстандық фильмі ұсынылған. Бұл санатта қырғызстандық "Шамбала" фильмі жүлде иеленді.
Биыл марапаттар 2019 және 2020 жылдардағы фильмдер үшін берілген. Өйткені коронавирус пандемиясына байланысты "Ника" кинофестивалі 2020 жылы тоқтатылған.
"Үздік фильм" санатында "Ника" сыйлығының иегері Андрей Кончаловскийдің "Дорогие товарищи!" болды.
Айта кетейік, Самал Еслямова 55-ші Анталия Халықаралық кинофестивалінің үздік актрисасы болған. Бұған дейін 2018 жылы мамырда 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также