Сатаев Назарбаев туралы жаңа фильмнің постерін көрсетті

Сатаев Назарбаев туралы жаңа фильмнің постерін көрсетті

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев "Көшбасшы жолы. Астана" фильмінің постерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев "Көшбасшы жолы. Астана" фильмінің постерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар, мақтанышпен және қуанышпен "Көшбасшы жолы. Астана" фильмінің ресми постерін ұсынамын. Жуырда Еліміздің барлық кинотеатрында", - деп жазды режиссер Instagram парақшасында.

Реклама
Реклама

Ақан Сатаевтың хабарлауынша, фильмнің негізі елорданың құрылу тарихында. Оның айтуынша, фильмдегі оқиғалар 1994 жылдың шілдесінен бастау алады.

"Барлық қатер мен қарама-қайшы пікірлерге қарамастан, астананы көшіруді бастау туралы шешім қабылданды. Күдіктерді, күмәншілдердің сынын, қаржылық қиындықтарды жеңіп, Президенттің басшылығымен бүкіл ел діттеген мақсатқа жетті", - деп жазды режиссер.

Айта кетейік, бұған дейін Ақан Сатаев Президент туралы жаңа фильмнің кадрларын көрсетті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама