10 желтоқсан 2020 17:50

Танымал кинорежиссер Гай Ричидің үйіне ұры түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/guyritchie Фото:instagram.com/guyritchie

Ұлыбританиялық кинорежиссер Гай Ричидің үйіне ұры түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлыбританиялық кинорежиссер Гай Ричидің үйіне ұры түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұрылар 13 миллион долларға (шамамен 5 миллиард теңге) бағаланған үйдің барлық бөлмесін тінтіп, ештеңе таба алмаған. Оларды тұрғын байқап, полиция шақырған.

Алайда күдіктілер оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.

Танымал ұлыбританиялық кинорежиссердің үйі Лондон орталығындағы Фицровий ауданында орналасқан.

52 жастағы Гай Ричи мен 39 жастағы әйелі Джеки Эйнсли 8 бөлмелі үйде жиі болмайды екен. Сондықтан олардың ұрлық кезінде үйде болған-болмағаны белгісіз.

Лондон орталығындағы үй 2008 жылы Гай Ричиге америкалық әнші Мадоннамен ажырасу кезінде берілген.

"Біз бұл аудандағы үйлерді тонайтын ұйымдасқан қылмыстық топ бар деп санаймыз. Бұл – қымбат аудан. Біз нысанада болатынымызды білдік. Біз қауіпті сезінбеуіміз керек. Сондықтан полиция ұрыларды табады деген ойдамын", - дейді Гай Ричи.

Қазіргі таңда Ұлыбритания астанасының полициясы тергеуді бастаған. Олар
бейнебақылау камераларындағы видеоларды қарап жатыр. Әзірше ұрылар ұсталған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети