"Тақтар ойыны" Emmy жүлдесінің триумфаторы болды

"Та?тар ойыны" сериалы Creative Arts Emmy Awards ж?лдесіні? жеті аталымында же?імпаз атанды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Тақтар ойыны" сериалы Creative Arts Emmy Awards жүлдесінің жеті аталымында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жобаны жасаған мамандар үздік костюм, үздік ерекше музыка, саунд-продакшн, үздік арнайы эффектілер және грим үшін марапат алды. Тағы екі жүлдеге телесериал продюсерлері лайық деп танылды. Ал жалпы бұл сериал 22 аталымға ұсынылған. 

Emmy жүлдесінің тағы бір триумфаторы модельер Джанни Версаченің өліміне арналған "Американская история ужасов" сериалының екінші маусымы болды. FX телеарнасының жобасы төрт аталымда жүлде иеленді.

Реклама
Реклама

Шара Лос-Анджелесте өткен. Америкалық телеакадемия ұйымдастыратын жүлденің негізгі бөлігі 17 қыркүйекте өтеді. 

Айта кетейік, "Тақтар ойыны" сериалы сюжеттің әралуандығы мен бас кейіпкерлерінің өлімімен көрерменді таңғалдырып, танымал болған еді. Сериал 2011 жылдан бері түсіріліп келеді, осы уақыт бойында "Тақтар ойыны" 38 рет Emmy жүлдесін иеленді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама