13 қараша 2014 11:38

Тимур Бекмәмбетов жаңартқан "Ревизор" қазақстандық прокатқа шықты

"Ақымақтың күні" фильмінің постері ©Меломан компаниясы

Тимур Бекмәмбетовтің продюсерлігімен түсірілген "Ақымақтың күні" ("День дурака") фильмі қазақстандық прокатқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Комедия - Николай Гогольдің "Ревизор" атты шығармасының интерпретациясы. Тимур Бекмәмбетов комедиясының сюжеті бойынша, бас кейіпкерді шалғайдағы қалашықта жасырын атпен тексеруге келген Тергеу комитетінің қызметкері деп ойлайды. Оның басындағы үлкен несие жағдайды күрделендіре түседі де ол қарыз ақшаны қайтарып алумен айналысатын коллектордың тұтқынына айналады. Қалада болған әр сәт сайын оның кім екені анықталуға жақын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram