16 желтоқсан 2020 | 16:05

Тимур Бекмәмбетовтің фильмі "Сандэнс" байқауында көрсетіледі

Танымал продюсер Тимур Бекмәмбетов пен қазақстандық Игорь Цайдың "Ромео и Джульетта" фильмі америкалық "Сандэнс" кинофестивалі аясында көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bazelevs компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал продюсер Тимур Бекмәмбетов пен қазақстандық Игорь Цайдың "Ромео и Джульетта" фильмі америкалық "Сандэнс" кинофестивалі аясында көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bazelevs компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильм screenlife форматында түсірілген: ондағы оқиғалар басты кейіпкерлердің смартфоны арқылы көрсетіледі. Жоба R#J деп аталған.

Реклама
Реклама

Ромеоның рөлінде бірінші рет актер Камарон Энгельс, Джульеттаның рөлінде америкалық актриса Франческа Ноэль ойнайды. Фильмнің режиссері - Кэри Уильямс.

"Ромео и Джульетта" фильмі 2021 жылдың 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында АҚШ-та өтетін "Сандэнс" кинофестивалінде көрсетіледі. "Сандэнс" - әлемдегі тәуелсіз фильмге баға беретін ең беделді байқаулардың бірі болып саналады", - делінген хабарламада.

Бекмамбетов пен Цайдың продюсерлік жұмысы NEXT секциясына түскен. Мұнда ең озық және инновациялық картиналар көрсетіледі.

Айта кетейік, "Сандэнс" фестивалі (Sundance Film Festival) жыл сайын АҚШ-тағы Парк-Сити және Солт-Лейк-Сити қалаларында өтеді. Байқау жаңа кино маусымды ашады деп саналады. "Сандэнс" 2021 жылы алғаш рет гибридті форматта өтеді деп жоспарланып отыр. Ал "Ромео мен Джульетта" фильмінің премьерасы фестивальдің виртуал платформасында көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная