"Жол" фильмі халықаралық кинофестивальда жеңіске жетті

кинодан үзінді

?аза?стан Республикасы М?дениет ж?не спорт министрлігіні? тапсырысы бойынша "?аза?фильм" киностудиясында ?ндірілген Ас?ар ?забаевты? "Жол" фильмі 2017 жылды? 13-20 с?уір аралы?ында Ресейде ?ткен "Красногорский" халы?аралы? спортты? кинофестиваліне ?атысып, "?здік сюжет" номинациясы бойынша же?іске жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "?аза?фильм" А? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясында өндірілген Асқар Ұзабаевтың "Жол" фильмі 2017 жылдың 13-20 сәуір аралығында Ресейде өткен "Красногорский" халықаралық спорттық кинофестиваліне қатысып, "Үздік сюжет" номинациясы бойынша жеңіске жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фильм Қазақстандағы ең әйгілі спорт түрі - бокс туралы баяндайды. Картина ережесіз жекпе-жекке қатысатын жас жігіт туралы.

Реклама
Реклама

"Жол" фильмінің түсірілімі Алматы қаласында өтті. Түсірілім жұмыстарының бір бөлігі қаладағы "Барахолка" аталып кеткен базарда түсірілсе, жаттығу жұмыстары бейнеленген көріністер Қазақ ұлттық аграрлық университетінің спорт залында түсірілді. Фильмдегі басты рөлді "G.H.A.D" музыкалық тобының әншісі, жас актер Назар Шархан сомдаған. Ал бас кейіпкердің сүйіктісінің рөлінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі Динара Жұмағалиева ойнаған. Ал картина барысындағы ең жағымсыз кейіпкердің бейнесіне ҚР Еңбек сіңірген артисі Димаш Ахимов ("Соңғы асу", "Примите Адама!"). Сонымен қатар фильмде жаттықтырушының рөлін - ҚР Еңбек сіңірген артисі Ерік Жолжақсынов, Темірланның әкесінің рөлін - Ержан Түсіпов ("Сіз кімсіз Ка мырза?") ойнайды.

2003-ші жылы құрылған "Красногорский" халықаралық фестиваль - Шығыс Еуропадағы және ТМД елдеріндегі ірі спорттық кинобайқау. Кинофестиваль президенті - әлемнің үш дүркін олимпиада чемпионы, әлемнің он дүркін чемпионы, он бір рет Еуропа чемпионы - Ирина Роднина.

Биылғы жылы фестиваль бағдарламасына 100-ге жуық спорт туралы кинотуындылар түскен. Фестивальге қатысу үшін таңдап алынған 70-ке жуық көркем және деректі кинофильмдер 15 елден ұсынылған. Олардың арасында: Ресей, Австрия, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Молдова. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама