07 маусым 2022 | 13:10

"1 миллион доллар талап еткен". Антикор алаяқтар тобын әшкереледі

Дина Шарипханова Корреспондент

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция жүргізіп, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар тобын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция жүргізіп, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар тобын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, күзет фирмасының басшылығынан қаржылық қызметіндегі заңбұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобын әшкереледі", - делінген хабаламада.

Антикор мәліметінше, алаяқтар тобы фирма өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұстаған.

Реклама
Реклама

"Соттың санкциясы бойынша, қылмысты ұйымдастырушыға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексеріледі", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная