ПОДЕЛИТЬСЯ
31 шілде 2021 | 18:10
10 жастағы балаға азғындық жасаған педофил сотталды
Алматыда кәмелетке толмаған балаға азғындық жасаған күдіктіге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда кәмелетке толмаған балаға азғындық жасаған күдіктіге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов хабарлады.
Оның сөзінше, айыпталушы - 25 жастағы Noori Khalil. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, былтыр 3 желтоқсанда Алматы қаласының тұрғыны үйін тазалап жатқан кезде кір киімдердің арасынан 2010 жылы туған баласының іш киімін тауып алған.
"Іш киімде ақ дақтар тұрған. Ұлының айтуынша, оның жанында айыпталушы Noori Khalil жатқан. Ер адам баланың анасымен бірге тұрған. Кей кезде олардың үйінде түнейтін. Күдікті баланы оның қасына жатқызғанын пайдаланған. Ал 2 желтоқсанда телефондағы ойынды сылтауратып баланың қасына жатқан. Бала еш күдіктенбей, ер адамның қасына жатқан. Сөйтіп ер адам азғындық әрекеттерін жасаған", - дейді Абдрахманов.
Тергеу кезінде полицейлер дәл осындай жағдай 2019 жылдың қарашасында болғанын анықтаған.
"Баланың айтуынша, ол Noori Khalil-ге ағасы ретінде қарап, үйіне келгенінде оны "Хан" деп атайтын. Күдіктінің қылмыстық әрекеттері қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қаралды", - деді Рустам Абдрахманов.
Соттың үкімімен Noori Khalil 20 жылға сотталып, өмір бойы педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также