07 қаңтар 2023 | 09:25

"10-қабаттан секіріп кеткен". Павлодарда жағаұстатар қылмысқа қатысты үшінші күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
elements.envato.com

Павлодарда жасөспірімдер үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісін топ болып зорлаған іске қатысты үшінші адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда жасөспірімдер үйінің 16 жастағы тәрбиеленушісін топ болып зорлаған іске қатысты үшінші адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында жазды.

"Қамауға алу үшін зардап шеккен қыздың адвокатына бес ай қажет болды", - деп жазды қоғам белсендісі.

Реклама
Реклама

Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі үшінші адам қамауға алынғаны туралы ақпаратты растаған.

"Бұл дерек бойынша үш күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы - қамауда ұстау таңдалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр", - деді өңірдің ПД баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, 16 жастағы қыз былтыр жазда 10 қабатты үй терезесінен секіріп кеткен болатын. Кәмелетке толмаған қыз ағаштарға құлап, аман қалды. Павлодарлық бұл қадамға үш жігіт зорлағаннан кейін барғаны белгілі болды. Олардың бірі әпкесінің сыныптасы болып шыққан. Олар қызды пәтерге алдап әкеліп зорлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная