10-қабаттан секіріп кеткен: үш павлодарлық зорлау ісі бойынша сот алдына келді

Дина Шарипханова Корреспондент

Павлодарда Жастар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін топтасып зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда Жастар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісін топтасып зорлау ісі бойынша сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен жазда 16 жастағы қыз зорлық-зомбылықтан құтылу үшін 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті. "Сот кабинетінің" мәліметінше, басты сот отырысы 29 наурызға белгіленген.

Реклама
Реклама

"Заңға сәйкес, аталған санаттағы қылмыстық істер жабық есік жағдайында қаралады", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Павлодардың үш тұрғыны қылмыс жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама