"100 мың доллар пара алған". Жамбыл облысында шенеунік күдікке ілінді

Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысы 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бұрынғы басшысына қатысты аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуін аяқтады.

"Ол салықтық тексерісті уақтылы және кедергісіз аяқтап отырғаны және МКД тарапынан басқа кәсіпорындардың коммерциялық қызметін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік бергені үшін 100 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді.

Соталды тергеу аяқталғаны хабарланды, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды", - деді аса маңызды істер бойынша тергеуші.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама