ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2020 | 11:01
138 медицина қызметкері дәрі сатқаны үшін ұсталды
Қазақстанда 138 медицина қызметкері ұсталған заңсыз дәрі сатқаны үшін ұсталды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Тұрғымбаев есеп беріп, ІІМ денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 18 мыңнан астам рейд жүргізгені туралы баяндады.
Оның айтуынша, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сатудың жолын кесу бойынша (5 шілдеден бастап) ішкі істер органдары заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрілік препараттарды, жарты миллион медициналық маска мен 36 мың медициналық бұйымды тәркілеген. Олар қымбат бағада сатылған.
"Сондай-ақ ішкі істер органдары дәрілік заттарды заңсыз сатудың 348 фактісінің жолын кесті. Полицияға 284 адам жеткізілді, оның 138-сі медицина саласының қызметкерлері. Дәрі-дәрмектің көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында алынды.
Алынған медициналық препараттар аумақтық денсаулық сақтау органдарына беріледі", - деді Тұрғымбаев.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также