15 жыл бойы іздеуде жүрген өзбекстандық Алматыда ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
15 жыл бойы іздеуде жүрген өзбекстандық Алматыда ұсталды Фото: polisia.kz

Алматыда 15 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда 15 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда көші-қон қызметі мен қалалық криминалдық полиция қызметкерлері 41 жастағы Р. есімді азаматты ұстады.

"Атап айтқанда, қылмыскер "Іздеу – ТМД" жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Өзбекстан ІІМ Сурхандария облысы ІІБ 1982 жылы туған Р. есімді Өзбекстан азаматын 2008 жылы мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны өз еліне экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама