ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 ақпан 2025 10:00
16 жыл бойы қашып жүрген: Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды
Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Шымкент прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен ("Адам өлтiру") қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды.
"Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің жанында "А" есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған. Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу