12 мамыр 2020 | 13:40

16 миллион теңгені заңсыз иеленген әскери қызметші сотталды

Шығыс Қазақстан облысында 16 миллион теңгені заңсыз иеленген әскери қызметкер 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында 16 миллион теңгені заңсыз иеленген әскери қызметкер 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей гарнизонының әскери сотында әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол орталықтандырылған есепке алу бөлімінің қаржылық қызметінің басшысы қызметінде 1,5 жылға жуық уақыт аралығында әскери бөлімнің кассасынан бюджет қаражатын жымқырып отырған.

Реклама
Реклама

"Сот әскери қызметкердің 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың 31 қазанына дейін әскери бөлімнің кассасынан бюджет қаражатын әскери қызметкерлердің карта есепшоттарына заңсыз аударып, мемлекет қаржысын жымқырғанын анықтады. Салдарынан әскери бөлімнің қаржылық қызметінде 16 миллион 97 мың 835 теңгеге тапшылық пайда болған", - делінген Семей гарнизоны әскери сотының хабарламасында.

Алғашында сот күдіктіні кінәлі емес деп таныпты. Кейін сот әскери қызметкерді ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-тармағы 2 пунктіне сәйкес кінәлі деп танып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жауапты және басқарушы лауазымдарын атқару құқығынан, 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сондай-ақ, айыпталушы "капитан" шенінен айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная