17 жыл жасырынған. Қырғызстан Қазақстанға банктен миллиондарды ұрлаған қылмыстық топ басшысын берді

17 жыл жасырынған. Қырғызстан Қазақстанға банктен миллиондарды ұрлаған қылмыстық топ басшысын берді Видеодан алынған кадр

Қырғызстан Қазақстанға 17 жыл жасырынған ұйымдасқан қылмыстық топ басшысын экстрадициялады. Оған банктен жалған несиелер арқылы 183 миллион теңгеден астам қаражат жымқырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдікті 2007–2008 жылдары Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы болып, қазақстандық банктердің бірінен 183 миллион теңгеден астам ақшаны көрінеу қайтарымсыз несие рәсімдеу арқылы ұрлағаны анықталды.

Жарнама
Жарнама

"Алынған ақша оның мүшелері арасында бөлініп, жеке мақсаттарына пайдаланылған", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі сотталған, ал оның басшысы қашып кеткендіктен, халықаралық іздеу жарияланған.

Ақпанда ол Бішкекте ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

"Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деп хабарлады қадағалау органы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама