ПОДЕЛИТЬСЯ
26 наурыз 2021 | 12:30
19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты істің мән-жайы анықталды
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдрахманов 19 жастағы Аяжан Еділованың өлімі туралы толық мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдрахманов 19 жастағы Аяжан Еділованың өлімі туралы толық мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20 наурызда полицияға қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
"21 наурызда жедел-тергеу тобы құрылып, Аяжанды іздеуге кірісті. Өткізілген шаралар нәтижесінде 21 наурызда сағат 22.00-де Алатау ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде күдікті тұрған мекенжай анықталды. Анықталған факт бойынша күдікті 1993 жылы туған ер адам ұсталды. Полиция қызметкерлерінің көзінше күдікті өз-өзіне қол жұмсауға тырысты. Ол № 7 Қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды", - деді Рүстам Әбдірахманов.
Айғақтарға қарағанда, күдікті кісі өлтіруді 20 наурызға қараған түні, полицияға хабарлама түскенге дейін жасағаны анықталды, дейді Алматы ПД бастығының орынбасары.
"Полиция қызметкерлері пәтерден қыздың денесін тапты. Күдікті қылмыс жасағанын жасыру үшін мәйітті бөлшектегені анықталды. Кей дене мүшелерін Алатау ауданынан тыс жерлерге апарып, қоқыс жәшіктеріне жасырған. Олар табылды, қосымша медициналық сараптама тағайындалды".
Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын айтты Алматы ПД бастығының орынбасары. Рүстам Әбдірахманов күдіктінің бұрын сотталмағанын айтты. Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде.
"Оған ота жасалып, ол палатаға ауыстырылды. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Дәрігерлер емшараны аяқтағаннан кейін оны тасымалдайды. Ол кінәсін толық мойындады", - деп толықтырды ДП өкілдері.
Сондай-ақ, полиция департаменті іздеуді уақтылы бастамағаны туралы марқұмның туыстарының айыптауларына жауап берді.
"Айтылған сөздер шындыққа жанаспайды. Қоңырау 20 наурызда келіп түсті, біз қылмыстық іс қозғап, іздеуді 20 наурызда бастадық", - деді Алматы ПД бастығының орынбасары.
19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездесуге кеткені анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров мәлімдеді. Күдікті-1993 жылы туған азамат, Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.
Қылмысқа қатысты мәліметті марқұмның туыстары "НемолчиKZ" қорына айтып берген. Олар жақын қарым-қатынас жасау үшін танысқан деген нұсқаны жоққа шығарды және олар айыпталушыға ең қатаң жаза кесуді сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также