20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ер адам ұсталды

Polisia.kz

Полиция қызметкерлері 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Криминал полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады.

Тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген өзбекстандықты ұстады.

Реклама
Реклама

Ер адам 2002 жылы көрші мемлекетте адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болған. Нәтижесінде 20 жылдан бұл қылмыскер ұсталды.

Тәртіп сақшылары ұсталған шетелдікті жеке басын анықтау және қажет құжаттарды жинақтау мақсатында аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Polisia.kz

"Ер адам қамауға алынды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр", - деді Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Сұлтанбек Үсіпбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама