20 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

20 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

20 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура Ресей Федерациясынан қылмыстық қоғамдастыққа қатысқаны, аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы мен олардың контрабандасы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"Ол 2003 жылы Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге героин мен опий жеткізумен айналысқан қылмыстық қауымдастықтың құрамына кірген. Күдікті есірткіні тасымалдау, сақтау және қылмыстық қауымдастықтың басқа мүшелеріне өткізу қызметтерін атқарған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардан 35 келі героин мен 28 келі опий алынған. Ұсталған адамдар кейін сотталған, ал күдікті құқық қорғау органдарынан қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған.

"20 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті былтыр желтоқсанда Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды".

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама