19 сәуір 2020 | 14:00

22 адамды "Даму" қорынан несие алып беремін деп алдаған әйел ұсталды

Астанада тұрғындарды "кедергісіз" несие алуға көмектесемін деп сендіріп, алдаған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада тұрғындарды "кедергісіз" несие алуға көмектесемін деп сендіріп, алдаған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 33 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Реклама
Реклама

"Ол адамдарға "Даму" қорынан ірі көлемде несие алуға көмек көрсетуге уәде берген. Қызметі үшін 100-ден 200 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Ол клиент іздеуге ұзақ уақыт жұмсамаған. Себебі мұның алдында ақшасын төлеп, несиесін күтіп отырған таныстары арасында сыбыс тез тараған екен. Нәтижесінде 22 адам әйелдің "Даму" қорына ешқандай қатысы жоқ екеніне және несие алмайтындарына күдіктенбестен, оған ақша берген", - деп хабарлады полиция өкілі.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 190-бабына ("Алаяқтық") сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Нұр-Сұлтан полиция департаменті осындай жағдайды болдырмау мақсатында тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Несие алу үшін делдал іздемеңіздер. Мұндай қызметтерден ірі көлемде ақша жоғалтуыңыз мүмкін", - деп ескертті Нұр-Сұлтан полиция департаментінің өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная