ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2024 | 10:40
235 адамды алдаған қазақстандық 10 жылға сотталуы мүмкін
Қызылорда аса ірі көлемде алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда аса ірі көлемде алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап
Биыл 30 қаңтарда қалада күдікті Р.Қ.Қаржауов ұсталды.
Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдармен бірігіп, қазақстандықтардың атына жалған көлік несиесін рәсімдегендігі анықталды.
Күдіктінің әрекетінен барлығы 235 адам зардап шегіп, 2,9 миллиард көлемінде зала келтірген.
Тергеу барысында Қаржауов тергеуден жалтарды. Осыған байланысты оған іздеу жарияланды.
Бүгінде Қаржауов Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Оның кінәсі сотта дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также