01 қазан 2020 | 13:21

24 жастағы алматылық туыстарының 1 миллион долларын алдап алған

Фото: polisia.kz

Алматыда туыстары мен таныстарын алдаған 24 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда туыстары мен таныстарын алдаған 24 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Күдікті жақындарын қомақты қаражатын алдап алған.

Реклама
Реклама

Алматы қаласы полиция департаменті ер адамның банктармен ешқандай байланысы жоқ екенін атап өтті. Ол кепілге қойылған мүлік аукционы қалай жұмыс істейтінін жартылай білген.

"Ол тұрғын үйді немесе автокөлікті нарықтық бағадан әлдеқайда төмен бағамен тиімді сатып алуға болатынын айтып, адамдарды сендірген. Әрине, бұл үшін оған ақша керек болған. Клиенттердің бірі бірнеше мүлік сатып алмақ болған. Мысалы, жәбірленушілердің бірі оған 182 миллион теңге берсе, екінші адам оған 386 мың доллар берген", - дейді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Күдікті адамдарды алдап, уәдесінде тұрмаған. Ол өзіне екі пәтер, автокөлік сатып алып, шетелге ұшып кеткен.

"Қазіргі таңда күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментіндегі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр", - дейді Іңкәров.

Материалдық шығынның сомасы шамамен бір миллион доллар болған.

Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен азаматтар мына телефон нөмірлеріне хабарласуы керек:

8-701-666-69-54, 8-707-834-83-33 немесе 102.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная