28 жастағы жігіт өз танысын өлтірмекші болған

28 жастағы жігіт өз танысын өлтірмекші болған © Народная Воля

Қостанай облысы Қамысты ауданы Адай ауылында 28 жастағы жігіттер жанжалдасқан. Мас күйде болған біреуі екіншісіне пышақ ұрған, - деп хабарлайды "Алау"

Қостанай облысы Қамысты ауданы Адай ауылында 28 жастағы жігіттер жанжалдасқан. Мас күйде болған біреуі екіншісіне пышақ ұрған, - деп хабарлайды "Алау"

Зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Сот шешімімен күдікті үй қамауына алынды. 

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі және 24-бабы 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - делінген Қостанай облыстық ПД хабарламасында. 

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Қостанай облысында бір апта бұрын 25 жастағы жігіт досының қолынан қаза тапқан еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама