"3 күн ішінде 24 мыңнан аса дәрі мен 9000 тест тәркіленген". Алматыда жерасты дәріханасын ашқандар ұсталды

Фото:elements.envato.com

Алматыда жерасты дәріханасын ашқан опа-далап дүкені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда жерасты дәріханасын ашқан опа-далап дүкені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді. Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралдары бар 1200 пакет, сондай-ақ, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды. Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда. Барлық осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.

Криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі азаматты ұстады. Дүкенде қызметтің осы түріне лицензиясы болған жоқ. Тергеу барысында аталған мекемеде әр түрлі 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама