ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қаңтар 2020 | 11:39
3 миллион теңге алған парақор еселеп айыппұл төлейтін болды
"KMG EP-Catering" ЖШС бас директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"KMG EP-Catering" ЖШС бас директоры сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті болған "KMG EP-Catering" ЖШС-нің (Маңғыстау облысында орналасқан "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ еншілес ұйымдарын тамақтанумен қамтамасыз ететін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның 100 пайыз еншілес кәсіпорны) бас директоры Б.Н.Қиялбаевқа қатысты тергеу жүргізді.
"Ол жеке кәсіпкерден азық-түлік сатып алу мен жеткізу мәселесінің оң шешімін табу, сондай-ақ әрі қарай жеке қамқорлыққа алу үшін 3 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Ақтау қалалық сотының үкімімен Б.Н.Қиялбаев пара алды деп айыпталып, оған мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасымен бірге 56 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также