30 жастағы астаналық өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент

Астанада әйел өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция 30 жастағы әйелдің ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада әйел өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция 30 жастағы әйелдің ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, пәтерлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар егде әйелдің мәйіті табылған. Қылмыстық іс қозғалды.

"Қылмыс жасады деген күдікпен оның 30 жастағы қызы анықталып, ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында ұрыс туындап, ол жанжалға ұласқан. Сол сәтте қызы анасын пышақпен жаралаған", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама