24 ақпан 2014 21:19

340 тонна ресейлік улы заттың жолы кесілді

Натрий сульфиды. Фото promportal.su сайтынан алынды

"Павлодар облысының кеденшілері Ресейден Қазақстанға жасырын жолмен кірмек болған 340 тонна улы заттың жолын кесті" деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеденшілер, бірден, натрий сульфидының жасырын жолмен ел аумағына кіргізілмек болған үш жағдайын әшкереледі. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. "Жедел-іздестіру шаралары аясында ұйымдастырылған "Қабылан" операциясы барысында, павлодарлық, алматылық, жамбылдық фирмалардың мекен-жайына бағытталған заңсыз жолмен улы зат әкелудің үш фактісін анықтады" - деп хабарлайды КБД баспасөз қызметінен. Натрий сульфид - экспорттық бақылауға және лицензиялауға жататын химиялық уландырғыш зат және екі мақсатта да қолдануға болатын өнім. Департаменттің мәлімдеуінше, контрабандалық зат Қазақстанға 2010-2013 жылдар аралығында жасалған келісімшарт бойынша жеткізілген. Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың желтоқсанында 20 тонна улы зат әкелу оқиғасы тіркелген болатын. Кедендік бақылау департаментінің мәліметінше, жалпы, 2013 жылы контрабандашыларға қатысты 17 қылмыстық іс қозғалған. Тәркіленген жүктің құны 51,7 млн теңге. Қазақстанға контрабанда жеткізудің одан да басқа, әртүріл жалған транзиттік тәсілдері де бар. Кеденшілер жалған Қытайлық транзит тауарларымен де бетпе-бет келген.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram