38 миллион теңгенің маскасын шетелге сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Фото: © Tengrinews.kz

Алматыда масканы ірі көлемде шетелге шығарып, сатпақ болған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматыда масканы ірі көлемде шетелге шығарып, сатпақ болған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ҰҚК мен ІІМ-нің бірлескен операциясы барысында жалпы соммасы 38 миллион теңге болатын медициналық масканың ірі партиясын Қазақстаннан заңсыз шығармақ болған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.

"Ұсталғандар - аса ауыр қылмыс жасап сотталған, деструктив діни ағымының өкілдері. Ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілдері маскаларды отандық және шетелдік кәсіпкерлерден бопсалау және алаяқтық жолмен алған. Олар (кәсіпкерлер - автор) қазақстандық дәріханаларды уақтылы маскалармен қамтамасыз еткісі келген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыскерлер қорқыту арқылы "заңға бағынатын азаматтардың кейбірін" заңсыз әрекетке баруға итермелеген. Олар алыпсатарлықпен және шетелдік сатып алушыларды іздеумен айналысқан.

"Қылмыстық топтың мүшелері қаражатты күнделікті нанға емес, өз қажеттілігіне жұмсаған: қымбат көліктер мен құнды заттарды сатып алу, мейрамханаларға бару және "табысты" өмірдің басқа да атрибуттарына жұмсаған", - деп түсіндірді полиция.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деструктив діни ағымының 3 өкілі уақытша тергеу изоляторына қамалды. Шығынның орнын толтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама