19 мамыр 2022 13:48

4 жасар қыз қоқыстан өлі табылды. Анасы ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Көрнекі сурет: elements.envato.com

17 мамырда Алматы облысы Сарқан ауданында қоқыс үйіндісінен 4-5 жасар қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 мамырда Алматы облысы Сарқан ауданында қоқыс үйіндісінен 4-5 жасар қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер бала мен оның анасының жеке басын анықтады. Баланың анасы 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оның айтуынша, қызы 2017 жылы дүниеге келген. Ол церебральді сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ, балада туа біткен ақыл-ой кемістігі болған.

Биыл ақпанда бала ауырып, кенет қайтыс болған. Сондықтан әйел ағасымен бірге қызды қала шетіне жасырын түрде жерлеген.

Реклама
Реклама

"Қажет сараптамалар тағайындалды. Тергеу ҚР ҚК 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды. Күдіктілердің екеуі де аудандық полицияға жеткізілді", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram