4 миллионнан аса қоңырау: ҰҚК Алматыда қылмыстық топты ұстады

4 миллионнан аса қоңырау: ҰҚК Алматыда қылмыстық топты ұстады Фото: ҰҚК Баспасөз қызметі

ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматыда телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматыда телефон алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Схеманың мәні мен шығын көлемі

Күдіктілер байланыс операторларының бақылауын айналып өтіп, шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар шалудың заңсыз тетігін ұйымдастырған.

Жарнама
Жарнама

"Атап айтсақ, бұлар бөгде заңды тұлғалардың атына виртуалды телефон станцияларын тіркеп, жергілікті мобильді нөмірлерді пайдаланған және арнайы зиян бағдарламалық қамтылымды қолданған. Осы схема бойынша 4 миллионнан аса қоңырау шалынып, байланыс операторларына келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге соммасынан асты", - делінген хабарламада.

Тінту барысында техникалық құралдар мен іске қатысты өзге де заттай дәлелдемелер алынған.

Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама