ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қыркүйек 2024 | 11:14
40 миллион теңге: есепші екі жыл бойы мемлекеттік мекеме қаражатын ұрлап келген
Степногорск прокуратурасы 40 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Степногорск прокуратурасы 40 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау дерегін анықтады.
"Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған.
Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 миллион теңге болды, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также