27 қаңтар 2022 | 14:00

"400 миллион теңге". Шымкентте алаяқтар 500-ге жуық тұрғынды алдаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Шымкент полицейлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінгендерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент полицейлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінгендерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Былтыр күзде қала дүкендерінің бірінде үш әйел жергілікті тұрғынға келіп, тез байып кетудің оңай жолын ұсынған. Әйелдер оны бір миллион теңге сомасында несие алуға көндіріп, 300 мың теңгені өзіне алып, қалған 700 мыңды өздеріне беруі керек екенін айтқан. Ал әйелдің несиесін өздері төлейтін болып келіскен. Алайда несие төлейтін уақыт келгенде, алаяқтар қоңырауға жауап бермей қалған. Жәбірленуші полицияға арыз берген.

Полиция қызметкерлері куәгер болуы мүмкін адамдармен сұхбаттасып, алаяқтар жаңа құрбандарын іздеуі мүмкін жерлердің бейнебақылау камераларын қарады. Көп ұзамай жедел уәкілдер олардың ізіне түсіп, әйелдердің жеке басын анықтап, қамауға алды. Барлығы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты.

Реклама
Реклама

Тергеу барысында сол әдіс бойынша алаяқ әйелдер 500-ге жуық адамды алдағаны белгілі болды. Ұсталғандардың келтірген жалпы шығыны - шамамен 400 миллион теңге.

"Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталды. Олар азаматтардың сеніміне кіріп, бір схема бойынша бірнеше қылмыс жасады. Бұл әйелдер күдікті деп танылып, қамауға алынды", - деді Шымкент қаласы ПД әл-Фараби АІІБ тергеушісі Спандияр Зайнидин.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная