45 миллион теңге ұрлады деген қазақстандықтар Украинада ұсталды

© zavod-zhbi-tyumen.ru

?аза?станды? полицейлер алдап, арбау, жым?ыру ж?не 45 миллион те?гені ?рлады деген к?діктілер Украинада ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?т?бе облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық полицейлер алдап, арбау, жымқыру және 45 миллион теңгені ұрлады деген күдіктілер Украинада ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбелік полицейлер Днепропетровск қаласының украиналық әріптестерімен бірге Ақтөбедегі ЖШС бас бухгалтерін ұстады. Ол 2014 жылы сеніп тапсырылған қаражатты, яғни 5 миллион теңгені жымқырған және өз енесінен 11,2 миллион теңгені ұрлады деген күдікке ілінген. 

Құқық қорғау органдары қызметкерлері күдіктінің Украинада жүргенін анықтаған. Онда оның туыстары тұрады екен. Ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Ақтөбеден Украинаға барған қазақстандық полицейлер тағы бір ЖШС директорын ұстады, ол 2013 жылы алдау арқылы фирмадан 29 миллион теңгені алып кеткен. 

Қазіргі уақытта күдіктілерді Минск конвенциясына сәйкес елімізге экстрадициялау шаралары қолға алынды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама