26 сәуір 2022 | 11:04

450 миллион теңге жымқырған Kcell-дің бұрынғы қаржы директорына қатысты тергеу аяқталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті 450 миллион теңге жымқырған "Kcell Solutions" ЖШС бұрынғы қаржы директорына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті 450 миллион теңге жымқырған "Kcell Solutions" ЖШС бұрынғы қаржы директорына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, сотталушы өз қылмысын 2018 жылдың ақпан айы мен 2021 жылдың сәуірі аралығында жүзеге асырған. Яғни осы аралықта 5 компанияның есеп шотына аудару арқылы 258 миллион теңге жымқырған. Агенттіктің дерегінше, экс-қаржы директоры олармен қызмет көрсетуге алдын ала келісімшарттар жасасқан. 

Одан бөлек, ол өзіне аванс ретінде 192 миллион теңгені заңсыз аударған. Тергеу барысында күдіктінің жымқырған қаражатты букмекерлік кеңселерге салып, ұтылғаны анықталды.

Реклама
Реклама

Оған 10 жыл көлемінде басшылық лауазымдарды атқару құқығынан, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная