23 мамыр 2022 | 15:04

5 адамды өлтірген алматылық атқыш жазасын қайда өтейді?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сәриев

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған алматылық Игорь Дужнов Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған алматылық Игорь Дужнов Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі ("Екі және одан да көп адамды өлтіру") бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушы өткен жылдың қазанынан бастап Алматының тергеу изоляторында жазасын өтеп жатыр.

ҚАЖК ел аумағында 80 түзеу мекемесі бар екенін атап өтті. Олардың біреуі ғана Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 ("Қара бүркіт" деп те аталып жүр) өмір бойына сотталған адамдарға арналған.

Реклама
Реклама

Джунов мерзімін өтейтін төтенше қауіпсіздік мекемесі Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетейік, бұл мекемеде аса ауыр қылмысқа барған Владислав Челах пен Алматыда террорлық шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев жазасын өтеп жатыр.

Еске салайық, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ шағынауданында бес адамның өліміне қатысты іс бойынша басты сот процесі болған. Сотта Джунов отбасын үйінен шығаруға келген бес адамды қалай өлтіргенін айтып берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная