5 күнде жоғары пайда алуға уәде еткен: Қазақстанда кезекті схема әшкереленді

5 күнде жоғары пайда алуға уәде еткен: Қазақстанда кезекті схема әшкереленді Фото:depositphotos.com

Шымкентте инвестициялық платформа кейпінде жұмыс істеген "Капитал" қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкентте инвестициялық платформа кейпінде жұмыс істеген "Капитал" қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Схема қалай жүзеге асырылған?

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті әлеуметтік желілер арқылы азаматтардан 20 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерде қаражат тартып, 3–5 күн ішінде салым сомасының 30–50 пайызына дейін жоғары табыс беруге уәде еткен.

Жарнама
Жарнама

"Жаңа қатысушыларды тарту үшін психологиялық әсер ету элементтері, соның ішінде "тез пайда табу" уәделері мен уақыты шектеулі ұсыныстар пайдаланылған. Бұл азаматтарды қаржылық тәуекелдерді тиісінше бағаламай шешім қабылдауға итермелеген. Сонымен қатар табыстылыққа қатысты мәлімделген кепілдіктер тек ауызша сипатта болып, нақты кәсіпкерлік қызметпен немесе қандай да бір келісімшарттық міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген", - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА).

ҚМА деректері бойынша, салымшыларға төлемдер жаңадан қосылған қатысушылардың жарналары есебінен жүзеге асырылған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 900-ден астам салымшы тартылып, салынған қаражаттың жалпы көлемі 700 миллион теңгеден асқан.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама