27 наурыз 2022 | 14:11

5 наурызда жоғалып кеткен қарағандылық қыз өлі табылды

Қарағандыда 5 наурызда жоғалып кеткен 27 жастағы Анастасия Шевякова табылды. Ол пышақ жарақаттарымен ағаш отырғызу алқабында жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда 5 наурызда жоғалып кеткен 27 жастағы Анастасия Шевякова табылды. Ол пышақ жарақаттарымен ағаш отырғызу алқабында жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің мәйіті 27 наурызда таңертең табылған.

Реклама
Реклама

"27 наурызда пышақ жарақатымен 27 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, ол хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, ведомстводағылар күдікті кінәсін мойындағанын айтты. Оның сөзінше, 5 наурызда ол Анастасиямен сөзге келіп қалған. Сөйтіп үйде оған пышақ сұғып алып, қылмыс ізін жасыру үшін денесін ағаштардың арасына көміп кеткен. 

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная