ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 ақпан 2020 16:21
50 жастағы ер адам WhatsApp-та зорлық көрсетуге шақырған. Тергеу жүріп жатыр
Полиция қорқыту аудиохабарламасын жіберген авторлардың бірі ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
8 ақпанда Ақмола облысының полицейлері әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу арқылы WhatsApp мессенджерінің топтарының бірінде аудиохабарлама жіберген адамды анықтады. Ол онда заңға қайшы әрекеттерді істеуге шақырған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері автордың кім екенін анықтады, ол Ақмола облысындағы Шортанды ауылының 50 жастағы тұрғыны екен.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу