50 келі күмісті шекарадан жасырын өткізбек болған тұрғын ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:gov.kz

Қазақстан шекарасынан 50 келі күмісті жасырын алып кетуге тырысқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан шекарасынан 50 келі күмісті жасырын алып кетуге тырысқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 тамызда шекарашылар Жамбыл облысындағы "Қарасу" өткізу пунктінде, Mercedes-Benz маркалы автокөлік салонын тексеру барысында, орындық астынан полиэтиленге оралған күміс бұйымдарды тапқан.

"Бұйымдардың жалпы салмағы 50 келі 516 грамм болған. Алдын ала бағалау құны 16 миллион теңге болды", - деді ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Факт біріңғай деректер тізіліміне тіркелді. Айыпталуыш мен контрабандалық жүк Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу әрекетін жүргізу үшін тапсырылған.

Еске салайық, шілдеде ҰҚК қазақстандықтардың "бомба" жасау үшін пайдаланылатын радиоактивті уранды сату әрекеттері туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама