03 шілде 2022 09:24

50 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды - Антикор

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 50 миллион теңге пара алған журналисті ұстағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 50 миллион теңге пара алған журналисті ұстағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

3 шілдеде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды", - дейді Антикор өкілдері.

Күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

Реклама
Реклама

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram