64 жастағы ер адам Астана вокзалына "жарылғыш зат" қойды

64 жастағы ер адам Астана вокзалына "жарылғыш зат" қойды © Тұрар Қазанғапов

27 желто?санда т?нгі са?ат 01.00 шамасында "112" пультіне белгісіз абоненттен Астана ?аласы темір жол вокзалыны? ескі ?имаратына жарыл?ыш зат ?ойыл?аны туралы телефон хабарлама келіп т?сті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz К?ліктегі ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

27 желтоқсанда түнгі сағат 01.00 шамасында "112" пультіне белгісіз абоненттен Астана қаласы темір жол вокзалының ескі ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Оқиға орнына барлық төтенше әрекет ету қызметтері жедел түрде жетті. Ғимарат қоршауға алынып, темір жол вокзалы аумағынан 150-ге жуық адам оқшауландырылды, олардың 50-і темір жол вокзалының қызметкерлері болса, қалғаны жолаушы азаматтар. Оқиға орнын қарау барысында жарылғыш зат табылған жоқ", - делінген хабарламада. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері 64 жастағы ер азаматты ұстады. Ол бұрын сотты болған Астана қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Вокзал штаттық режимде жұмыс істеді, пойыздар тежелуі болған жоқ. 

Көлік полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабында терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау - алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама