ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қаңтар 2020 | 09:38
69 миллион теңге тұратын тауарды Қазақстан арқылы алып өтпек болғандар ұсталды
Алматы облысы бойынша МКД "Алтынкөл-жол" кеден бекетінде ЕАЭО аймағында тыйым салынған, 69 миллион теңгеге бағаланған контрабанда тауарлары мен дәрі-дәрмектерін тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысы бойынша МКД "Алтынкөл-жол" кеден бекетінде ЕАЭО аймағында тыйым салынған, 69 миллион теңгеге бағаланған контрабанда тауарлары мен дәрі-дәрмектерін тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2020 жылы қаңтарда Алматы облысы бойынша МКД "Алтынкөл-жол" кеден бекетінің қызметкерлері мен ҚР ҚМ МКД орталығы Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге кеден бақылауын жүзеге асыру барысында ҚХР-ден Қырғызстан Республикасының кәсіпкеріне алып бара жатқан контрабандалық тауарлар партиясы анықталып, тәркіленді.
Темір жол контейнеріндегі тауар партиясын кедендік тексеру мен өлшеуден кейін халықтың қолдануына арналған, декларацияланбаған 22174,5 келі тауар анықталды. Оның ішінде ЕАЭО аймағында тыйым салынған, синтетикалық жіптен жасалған балық аулау ауы бар, оның салмағы - 6044 келі. Сондай-ақ 389 келі болатын түрлі дәрі-дәрмек табылды.
Ұсталған тауарлардың кедендік бағасы - 69 459 462,79 теңге. Кедендік төлем мен салық сомасы - 16 516 970 теңге. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тиісті іс-шаралар жасалып жатыр, соның нәтижесі бойынша құқық бұзғандарға шара қолданылады.
Показать комментарии
Читайте также