7 маусымда Ақтөбеде атыс болған жоқ - ҚР ІІМ

© Tengrinews.kz

ҚР ІІМ бүгін, 7 маусымда Ақтөбеде атыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мен мұны жоққа шығарамын", - деді ҚР ІІМ  ресми өкілі Алмас Сәдубаев Ақтөбедегі 8-ші ықшамауданда атыс болғаны туралы әлеуметтік желілерде пайда болған ақпарат туралы сұраққа жауап бере отырып.

Редакциямызға Ақтөбе тұрғындары хабарласып, № 27 мектептің маңынан атыстың дауысы шығып жатқанын айтқан болатын. Дегенмен, оқиға орнына жеткен журналистер мектеп маңында тыныштық екенін анықтады.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Реклама
Реклама

"Өкінішке қарай, қару сататын дүкенге жасалған шабуыл кезінде 3 адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Қарулы қылмыскерлердің әрекетінің алдын алу кезінде ішкі істер органының 5 қызметкері жарақат алды. Ұлттық ұланның үш қызметкері қаза тауып, алтауы жарақат алды. Ақтөбедегі жағдай бақылауға алынды", - деді ҚР ІІМ өкілі бұған дейін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама