8-сынып оқушысы коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан

Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полиция қызметкерлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан 8-сыныптың оқушысын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан 8-сыныптың оқушысын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурыз күні Кентау қаласының полиция бөліміне әлеуметтік желі арқылы "Қарнақ ауылында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді" деп жалған ақпарат таратқандар туралы хабарлама түскен.

Бұл факт ҚР қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша (Жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру шарасы барысында полиция қызметкерлері жалған ақпаратты Қарнақ ауылында тұратын 8-сыныптың оқушысы таратқанын анықтаған. Жасөспірім өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.

"Оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейін тергеу амалдары жүріп жатыр.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама