13 ақпан 2020 14:42

888 мың теңге жымқырған мәдениет үйінің директоры сотталды

Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысы, Есіл ауданының мәдениет үйінің директоры мемлекет бюджетінен қаржы жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы, Есіл ауданының мәдениет үйінің директоры мемлекет бюджетінен қаржы жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ол бюджет қаржысынан 888 мың теңгені мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында іс жүзінде жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін күдікке ілінді", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Реклама
Реклама

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 12 ақпанда Есіл аудандық сотының шешімімен кінәлі деп танылып, төменгі қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте лауазымды орындарға тағайындалуға тыйым салынған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram