24 сәуір 2023 | 16:55

Абай облысында жолдағы жанжал адам өлімімен аяқталды: алқабилер үкім шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жолдағы жанжалға байланысты адам өлтіру оқиғасы: Абай облысында алқабилердің қатысуымен алғашқы сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жолдағы жанжалға байланысты адам өлтіру оқиғасы: Абай облысында алқабилердің қатысуымен алғашқы сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Қазылар алқасы былтыр Үржар ауылында болған атышулы істі қарады. Сол кезде жергілікті кәсіпкер қайтыс болған еді.

"Дауыс берушілердің ортақ пікірі бойынша сотталушы А.-ның атыс қаруын қолдана отырып, бұзақылық ниетпен Н.-ны өлтірген кінәсі туралы шешім қабылданды. Кісі өлтіру себебі жолдағы қарапайым жағдай болды, онда сотталушыға жүргізушінің мінез-құлқы ұнамаған. Сотталушы жолда автокөлікті тоқтатуды талап еткен", - делінген облыс прокуратурасы хабарламасында.

Реклама
Реклама

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Үржар ауылының тұрғыны кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная