ПОДЕЛИТЬСЯ
05 желтоқсан 2022 | 09:07
Абай облысындағы арнайы операция: жасырын цех әшкереленді
Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері алкогольді заңсыз өткізу бойынша жерасты цехын жою жөнінде арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ қызметкерлері алкогольді заңсыз өткізу бойынша жерасты цехын жою жөнінде арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ Telegram-арнасының мәліметінше, контрафактілік алкогольді Семейдің 57 жастағы тұрғыны үй-жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған. Полиция әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден аса алкогольді тәркіледі. Оның жалпы құны 2,5 миллион теңгеден асады. Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілген.
"Бұл факт Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді", - деді Абай облысы ПД ҰҚҚІҚБ бастығының орынбасары Асет Шахантаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также