13 қыркүйек 2022 | 13:45

Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға оралды - Антикор

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеуде жүрген Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласының елге қайтарылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеуде жүрген Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласының елге қайтарылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, "БТА-Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап іздеуде болған "Жаңа Қалқаман" ЖШС-нің директоры Пак Виталий Леонидович өз еркімен елге оралған.

"2006-2008 жылдар аралығында аталған компанияға заңсыз несие беру арқылы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары 8,9 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында анықталды.

"Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.

Биыл 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды", - деп толықтырды водомство өкілі.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная